№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
2. | Кентау Назарбек |
Аямай терін төккен қазағы үшін,
Тұлғасы тау тұрпатты дара мүсін.
Өмірі өнеге боп жылдан-жылға,
Шоқтығы биіктеп-ақ барады шын.
Қайырмасы:
Ел мұраты кетпеген өзегінен,
Халқының болашағын сезе білген.
Еңбек еткен ел үшін Қонаевты
Қазақтың кемеңгері дер едім мен.
Қастерлеген қазағы ұлы тұлға,
Мұндай жанды бола ма ұмытуға.
Алты алаштың баласы ардақ тұтып,
Аңыз қылар әр ісін қосып жырға.
Қайырмасы
Қарапайым араласып дүйім елмен,
Санасатын халқының күйіменен.
Маңдайына қазақтың мұндай жанды,
Тәңірімнің тартқан бір сыйы дер ем.
Қайырмасы
Еш кетпей елге берген шапағаты,
Жаңғырығып күннен-күн жатады аты.
Жастарды шықты алып желтоқсанда,
Халқының оған деген махаббаты.
Қайырмасы
Жүрегінде халқының азап-мұңы,
Өн бойында қазақтың қазақтығы.
Түйіні сол күнменен шешілгендей,
Жылдар бойы аңсаған азаттығы.
Қайырмасы