№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Еламанов | |||
2. | Үміт Жәлеке |
Қуанышпен түрген тойдың түндігін,
Мұнайшыға мерекелі күн бүгін.
Қазағымның ырысы мен байлығы
Маңғыстауда Бозащыда – қара маржан кіндігі!
Қайырмасы:
Қаражанбас
Қазынасын қазағыма сыйлаған,
Күш-қуаты тасып бойға сыймаған,
Жастарымды құшағына жинаған – Қаражанбас!
Болашаққа болат-құлаш сермеген,
Қиындықта қолдан намыс бермеген,
Ел алдында еңбегімен ерлеген – Қаражанбас!
Бүгін думан ән басталды өңірде,
Мұнай тойы нәр беретін өмірге.
Төр басында мұнайшылар ардагер,
Маң далада, маң далада ащы тері төгілген.
Қайырмасы
Қаражанбас – мақтанышы елімнің,
Байлығы мол ел ертеңіне сенімді.
Мұнай тойы – еңбек тойы, ел тойы,
Гүл жайнатқан шөліркеген жерімді.
Қайырмасы