№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ақшагүл Рамазанова | |||
2. | Бақытжан Еламанов |
Жанарың жайма шуақ, көктем кілем,
Саяңда сан қызығым өткен білем.
Әкешім асқар тауым
Сенің арқаң
Бар жемісім өмірдегі
Жеткен менің
Қайырмасы:
Әкем, анам иесі босағамның
Қосылған арнасындай қос аралдың.
Киесі шаңырақтың, шаттығымның,
Арқасы өсіп өнсем қос биік ата-анамның.
Биігі бағдарымның әке деген,
Кетпесін бұл өмірде қате менен.
Жан әке аямадың жан жылуын,
Айналдым мейіріміңе мәпелеген.
Қайырмасы
Қабыл ал болмаса да, аса құнды,
Ақ орда ақ пейілден қосарымды.
Ата анам шаттығымнын берекесі,
Арнадым өздеріңе осы әнімді.
Қайырмасы