№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақтықожа Ізмұхамбетов | |||
2. | Заттыбек Көпбосынұлы |
Тұлпардаймын тыпырлап тұншылаған
Сұңқардаймын сонарда тұмшаланған
Жылдар жеңіп бүгінде баяуладым
Айналамда көбейді сыншыл адам
Қайырмасы:
Қалғаным жоқ өмірден құр алақан
Дәрежем жоқ біреуден сұрап алған
Кешіргейсің, кешіргейсің ағайын, дос-жолдастарым
Кезім болса көңілден шыға алмаған.
Жүгірмеймін асығып бұрынғыдай
Күндерімде кейде олай, кейде бұлай
Уақыт қуып артымнан келе жатыр
Алға итеріп кейінге бұрылғызбай.
Қайырмасы
Өткен күндер байлығын жиып терген
Орын алдым бірталай биіктерден
Ризамын тағдырға маған берген
Үйіп-төгіп барлығын сыйға берген
Қайырмасы