№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
2. | Батима Жылқыбаева |
Ұмтылған ақыл-тәлім, даналыққа,
Жастармыз жаны құмар жаңалыққа.
Өнерді бойымызға сіңіреміз,
Бақытты да балғын шақ балалықта.
Қайырмасы:
Тамшы, Тамшы,
Бәрі биші, әнші.
Аспанында өнердің,
Жұлдыз болып жаншы!
Өнердің ордасы бұл – Тамшы деген,
Дария құралады тамшыменен.
Танытар Ақсуаттай жердің атын,
Жетеді бізде биші, әнші деген.
Қайырмасы
Балалар театры сан қыры бар,
Атымыз Тамшы деген жаңғырығар.
Болашақ, өнер біздің қолымызда,
Осындай өнерпазбыз жан қызығар.
Қайырмасы
Тамшы, Тамшы,
Бәрі өнерлі, әнші.
Ақсуаттың көгінде,
Жұлдыз болып жаншы!