| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Бақытжан Еламанов | |||
| 2. | Үміт Жәлеке | |||
Қазақтың сарбазымыз сапта тұрған,
Қамалдай мызғымайтын берік қорған.
Тұрғанда туған елдің күзетінде,
Күн сүйіп маңдайыңнан, аяз сорған.
Қайырмасы:
Біз теңіздің қыраны – теңізшілер,
Жауынгерлер қырағы – теңізшілер.
Қазақтың шекарашы сарбаздары,
Бейбіт күннің сақшысы – теңізшілер.
Отанның тыныштығын күзетеміз,
Әскери алаңымыз – құба теңіз.
Әуеде – тікұшақпен, суда – кеме,
Қатарын теңізшілер түзетеміз.
Қайырмасы
Қорғайтын ел намысын соқса сағат,
Алдымен аттанады ер-азамат.
Бұлжымас жауынгерлік борышымыз,
Тағдыры туған теңіз бізге аманат.
Қайырмасы