№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Анарбек Бердібаев | |||
2. | Бақытжан Еламанов |
Атқан таңмен арайланып даласы,
Алатауым асқақ қандай, қарашы!?
Туған жерім Жібек Жолдың бойында,
Шелек деген көне Шілік қаласы.
Аң мен құсқа пана болған кешегі,
Ну боп шілік қаулап өскен деседі.
Жанға жайлы, жердің көркі – Шелегім,
Шыбық ексең, шынар болып өседі.
Қайырмасы:
Желі ескен, тазалайтын ауасын,
Шөбі өскен денсаулықтың дауасы.
Жеміс-жидек, бау-бақшасы жайқалған,
Нағыз жұмақ – Шелегімнің даласы.
Қайырмасы
Ойрантөбе – ел жеңіске жеткен жер,
Қанша батыр дүркіретіп өткен жер.
Ел есінде даңқы асқан бес ерің,
Атағыңды асқақтатып кеткен ер.
Қайырмасы
Дархан далам-ай!
Ата-анамдай.
Ер бабамдай ел қорғайтын ұл туған,
Ұрпағың да өркен жайып, құлпырған.