№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бағлан Нұғманов | |||
2. | Бақытжан Еламанов |
Ақ дидарың сағым боп елестейді,
Сүйген жүрек ешкіммен кеңеспейді.
Қос аққудай наз үнге салсақ бүгін,
Қоңыр сазды келешек елестейді...
Қайырмасы:
Сағынышты байқағайсың көзімнен,
Сені ғана қиялдаумен көз ілгем.
Бейнетін де, зейнетін де өмірдің,
Көрсем деймін бірге жүріп өзіңмен.
Еске салып өткен күнді, боз далам,
Іште тұнған махаббатты қозғаған.
Көз алдымда бұлдыраған, елесім,
Жұбатшы кеп көңілімді боздаған.
Қайырмасы
Қосылатын келер бізге күн қашан?
Ойға батам құстар әнін тыңдасам...
Сағыныштан өз-өзіме сыя алмай,
Айды құшып, құба таңмен мұңдасам...
Қайырмасы