№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Шәкен Молдағұлова |
Ақ орамал кестесімен жарасқан,
Төрт бұрышын алтын оқа жалатқан.
Қызыл қамзол, бақай етек, ақ көйлек,
Сәукелесі сырғасымен санасқан.
О, махаббат, құдіретіне табынам,
Таң жұлдызға бар шындықты шағынам.
Бұл дүниеде махаббаттың есігі –
Адал жүрек, ақ ниеттің бесігі.
Күміс жүген, ертоқымды сайлайын,
Құрық салып, бір жүйрікті баптайын.
Тайсалмайтын ай мүйізді тұлпарым,
Саңқылдасын қызыл тілім – сұңқарым.
Ауыздықты жұлқып алға шабасың,
Ақ көбікті ерсіл-қарсыл шашасын.
Сарала қамшы – салдырмайтын жануар,
Жорғасынан жаңылмайтын ақ тұлпар.
Кейбір құлар дәулетімен мақтанар,
Ал, біреулер, маңсап қуып шайқалар.
Шашылмаймын арсыз келген кеселге,
Шаршамаймын, жаман айтса бекерге.
Алмас тіл қара қылды қақ жарар,
Қасиетті сөз атасы ақталар.
Қазағымның қара сөзі – ақ маржан,
Қадырыңды білмегендер – ол надан.
Бәйтерекке самғар құсым қонған ел,
Сері жігіт, сұлу қыздар туған жер.
Қапы қалма өнеріңді арқалаң,
Шебер болсаң – он саусақтан бал тамар.
Талай жүйрік бәйгеге әлі қосармын,
Жүректегі сыр сандықты ашармын.
Асыл қазынам – сырнайлатқан әнімсің,
Өмірімнің алтын алқа сәнісің.