| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Анарбек Бердібаев | |||
| 2. | Бақытжан Еламанов | |||
Дүркіретіп жер бетінде,
Ел қорғаған жел өтінде.
Абыз бабам айтып кеткен,
Аңыз ғана ел есінде.
Бабаларым – мақтанышым,
Рухы айналған, таста мүсін.
Бал-балдар тұр ел күзетіп,
Аманаттап, ақтап ісін.
Қайырмасы:
Ел қорғаған ер бабамдай,
Күш-қуатын бер маған да.
Ерлігін бер ұран болған,
Пейілін бер кең даламдай.
Елін қорғап, қастерлеген,
Ер бабалар – асыл өткен.
Егеменді ел болдық біз,
Еркіндікті ғашық еткен.
Атырып таң азаттығын,
Тойлады ел ғажап күнін.
Баба арманы орындалды,
Тәуелсіз ел қазақ бүгін.
Қайырмасы