№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Шәкен Молдағұлова |
Жан серігім, жан жолдасым – арысым,
Бір көргенде ғашық болған – жан сырым.
Ақ отаудың қабырғасын қаладық,
Аққу-қаздай көл бетіне жарастық.
Асылым – арысым,
Маған ғана көз қиығын тастадың.
Батырым – батылым,
Жаутаңдаған қара көзді жасығым.
Қорғаным – сұңқарым,
Бауыр басып еркелеткен ауылың.
Самалым – салмақтым,
Сабырлықты әрқашанда сақтадың.
Жүрегімнің алтын кілтін сен аштың,
Нәр гүлімді саған ғана арнадым.
Өмір-өзен толқып, өтіп барады,
Ақ қар жауып самайымыз ағарды.
Қымбаттым – сымбаттым,
Осы әнімді бір өзіңе сыйлаймын.
Берекем – мерекем,
О дүниеде от-суыңды кештім мен.
Аяулым – аңсарым,
Төкпей ұста алақанда ырысың...
Гүлбағым – базарым,
Асқанымды кешіре гөр – арысым.
Сырнайлатып сыр шертейін өзіңе,
Айтылмайтын сөз қалмайды өмірде.
Махаббатың сый құрметі осы екен,
Қол ұстасып бұл өмірде бірге өткен.
Ақ төрім – шаңырағым,
Бір өзің, – деп ақ күмістей шашылдым.
Құтты ұя, жылы ұя,
Құшақ жая қарсы алатын босаға!
Жайлауым – жайсаным,
Қиын күнде сүйеу болған жан-жарым.
Серігім – тірегім,
Ақ жолыма шашу тартқан тілегім.
Асылым – арысым,
Таң жұлдыздай жарқыраған жүрегің!