MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ертісім менің Қара Ертісім
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ертісім менің Қара Ертісім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№10, 1 мамыр 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Шәкен Молдағұлова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қара Ертісім – шаңырағым,

Ақ толқыным – ақ арманым.

Ақ бесікке тербеленіп

Ән сылайын мен.

 

Саған келіп шаттанамын,

Көңіл сырын ақтарамын.

Ертісімнің жағасында

Сырнайлатамын.

Саған келіп шаттанамын,

Көңіл сырын ақтарамын.

Ертісімнің жағасында

Сырнайлатып мен ән шашамын.

 

Айлы түнде сырласасың,

Күміс сылдыр нұр шашасын.

Толқыныңмен ой саласын –

Ертісім менің.

           

Өзеніме еркелейін,

Өзегіңмен өртенейін.

Ақ шағалаң мен болайын,

Ақ көбікке мен оранайын.

 

Таң ғажайып асулардан,

Талай өттің ғасырлардан.

Сары арқаның еркесі сен –

Ертісім менің.

 

Бар әлемді таң қалдырған,

Ән – күйменен тамсандырған.

Ұл-қыздарын сусындаған –

Ертісім менің.

 

Құс жолыңмен теңселесің,

Көк тоғайды тербетесің.

Інжу-маржан сен төгесің,

Ертісім менің Қара Ертісім.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика