MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Қазағым жаса мәңгілік
Әннің атауы
Әннің атауы:
Қазағым жаса мәңгілік
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№10, 1 мамыр 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Кентау Назарбек
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қазағым жаса мәңгілік,

Ерліктің отын жандырып.

Бабадан қалған байтақ ел,

Шырқайын сені əн қылып.

 

Ұлы елім!

Жалғасы Ғұн, Сақтардың,

Хан көтерген ұлығын.

Бабамның байтақ мұрасы,

Тереңде жатыр тұнығым.

Асан қайғы желдірткен,

Желмаясын, күлігін.

Сыпыра мен Қазтуған,

Доспамбеттің жырымын.

Ұштасқан ғылым-білімім,

Даламдай дархан ірімін.

Намысын қолдан бермеген,

Мен қазақтың ұлымын.

Ер қазақпын!

 

Ұлы елім!

Әз Жәнібектің туымын,

Керейхан менің тұғырым.

Еңселі байрақ көтеріп,

Арнаған елге ғұмырын.

Төбе биім - Төле би,

Әйтеке, Қазбек - төре би.

Ұлы Абайдан нәр алған,

Әнді сүйсең менше сүй.

Қазақпын мен Тұранмын,

Алаш рухты ұранмын.

Отырар деп шайқасқан,

Қайырхандай қыранмын.

Ер қазақпын!

 

Ұлы елім!

Абылаймын тақтамын,

Жерімді байтақ сақтадым.

Қабанбай мен Бөгенбай,

Наурызбайым мақтаным.

Есетпенен, Бөкенбай,

Бердіқожа, атпалым.

Кенесарымын кимеген,

Отаршыл салған ноқтаны.

Бұхар жыраудың үнімен,

Қазақтың жоғын жоқтадым.

Махамбетпін марғасқа,

Садаққа шындық оқтадым.

Ер қазақпын!

 

Ұлы елім!

Сүйінбаймын, сүлеймін,

Киелі өнер дарыған.

Бауыржандай батырмын,

Төрткіл дүние таныған.

Мұқағалимын ақиық,

Сезімнің шоғы қарыған.

Əл Фарабимын ілімнің,

Тарихы боп жазылған.

Мұстафамен жақынмын,

Түркіні түгел қолдаған.

Ташеневтей асылмын,

Елімнің шебін қорғаған.

Ер қазақпын!

 

Ұлы елім!

Нұрғиса мен Шәмшінің,

Тербеген сазды сарыны.

Қайратымның жігерін,

Желтоқсан келіп жаныды.

Ерліктің туын көтеріп,

Жалын атқан Бекзатпын.

Бағындырған Ғарышты,

Тоқтар, Айдын, Талғатпын.

Есім, Қасым, Әз Тәуке,

Өсиет еткен мәнді ғып.

Ұлы далам өркендеп,

Қазағым жаса мәңгілік!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика