№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Еламанов | |||
2. | Светқали Нұржан |
Сертті мекенім ұран сыңдарға шыңдалған,
Тектілерге еріп қыран шыңдарға кім барған.
Ғаламның сырын жиареді ғой жанына,
Даламның жырын табыла қалса тыңдар жан.
Қайырмасы:
Абыз бабам-ай ұран боп қалған есімі,
Аңыз далам-ай əулиелердің есігі.
Маңғыстау саған маңдайды бұрып өлерем
Сегіз бейіштің бар десе жерде есігі.
Сұңқар қанаты көкпенен жерді жалғаған,
Тұлпар боп аты бауырын жазған паң далам.
Ақ желкендермен ай асты шарлап барады
Бес жүйрікпенен жеті қайқыдан қалған əн.
Қайырмасы
Бал бал боп бір күн оянар бабам тас тұлға,
Кім қарсы тұрар ғаршыдан аққан тасқынға.
Ерлердің рухы күңіреніп жатыр әлі күн,
Сарайшық күмбез сағаналардың астында.
Қайырмасы