№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кентау Назарбек |
Достарым бар, дұшпаным да жоқ емес,
Қиындықтан қаймығатын мен емес.
Тірліктегі көргенім мен түйгенім,
Өмір күрес, талас-тартыс, ерегес.
Егіз дүние жақсылық пен жамандық,
Күнгейі мен көлеңкесі тең емес.
Толқытқан жанды көңілде талай ойлар бар,
Адаспас түбі Аллаға қолын жайғандар.
Жүгiнбей арға, алданып барға жүргендер,
Дүние қуып, қарыны ғана тойғандар.
Байлық пен мансап кімдерден сірə қалмаған,
Алаштың арын, қазақтың қамын ойлаңдар.
Жалғанда мына сүрiнген жан көп асығып,
Қолыңда барда халқыңа жаса жақсылық.
Әлсiзге қожа, әлдiге жағып құл болма,
Əлдекімге тәуелді болып бас ұрып.
Тақта отырсаң тәубаңа кел бауырым,
Тағың мен бағың баянды болмас осыны ұқ.
Бұл өмірден өтпеді кiмдер арманда,
Сыйласып өт бес күндік мына жалғанда.
Теңеседі қара менен хандар да,
Бауыры суық қара жерге барғанда.
Биік ұстап текті бір асыл қалпыңды,
Өнеге қалдыр артыңда тірі қалғанға.