№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кентау Назарбек | |||
2. | Толқын Ақан |
Сын сәттер әкелсе де заман бүгін,
Бәрінен биік қойған адам құнын.
Дәрігер деген атқа дақ түсірмей,
Күзеткен тiршiлiктiң амандығын.
Қайырмасы:
Өмірден күйзелгенге, шаршағанға,
Шөлiркеп бiр тамшы су аңсағанға.
Мейірім нұрын шашып жүрегіңнен,
Сыйлағың келеді үміт барша жанға.
Келмейді жан баласын зарықтырғың,
Дертiнен көп адамды сауықтырдың.
Қол ұшын жауыңа да берсем дейсің,
Басына төне қалса қауіпті күн.
Қайырмасы
Жаратқан жеткiзгендей тілегіңе,
Бөлендің сый құрметке бұл өмірде,
Абзал жан ақ халатты періште боп,
Қаласың адамзаттың жүрегінде!
Қайырмасы