№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Мүсіркеп Әлімжанов |
Ырысты айлақ, алабы
Құрышты аймақ, танабы.
Саумалдай салқын самалы,
Жандауа жазғы жамалы.
Қайырмасы:
Қазығын жұрттың қаққан жер,
Ақтылы малын баққан жер.
Шеңберім менің Шеңберім
Майсалы беткей, Мақпал бел.
Белдері пүліш желбегей,
Көлдері күміс теңгедей.
Қойнауы толы қазына,
Көнеден қалған көмбедей.
Қайырмасы
Шеңберім менің Шеңберім,
Шөктірген сені кенге кім.
Теректей сенің тобылғың,
Шынардай сенің шеңгелің.
Қайырмасы