№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор | |||
2. | Мұқағали Мақатаев |
Жазғырма мені, жан-аға,
Жаманға мені балама.
Жалғыз түп емен көріп пе ең,
Жабырқап тұрған далада?
Емен деп мені бағала.
Еменде жапырақ - жүректер,
Үп етсе самал дір еткен.
Осынау елсіз жапанға,
Жападан-жалғыз кім еккен?
Қайырмасы:
Кеткенше қиып әлдекім.
Емен де, мейлің, тал дегін.
Әзірге менің бар демім,
Осындай, аға, халдемін...
Жазғырма мені, жаи-аға,
Жаманға мүлде балама.
Бұлаққа барсаң, жалғыз түп,
Талшыбық тұрар жағада.
Шыбық деп мені бағала.
Далада дауыл болғанда,
Сая жоқ жанын қорғауға.
Ұшайын десе қанат жоқ,
Қорғанға - алыс орманға.
Қайырмасы