| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Бекжігіт Сердәлі | |||
| 2. | Өтеген Оралбаев | |||
Аққайыңның төгіліп нұр шашағы,
Алаңқайды ақ қанат гүл басады.
Алақанға қондырған ақ сезімін,
Жас жұбайлар жарасып сырласады.
Қайырмасы:
Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар.
Ақ тілек, батамыз мінеки,
Бақытты болыңдар, болыңда!
Бірін-бірі көргендей алғашқы рет,
Көп қарайды жанымды ұғыншы деп.
Қалқатайын аймалап күйеу жігіт,
Қалыңдық тұр күнәсіз күлімсіреп.
Қайырмасы