№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор | |||
2. | Есенқұл Жақыпбек |
Өзіңді аңсап өтеді көктем өтер күз,
Аңсаумен өткен өмірге мынау не етерміз.
Көрсем деп шіркін іздеген мәңгі бір-бірін,
Көк аспандағы ай менен күндей екенбіз.
Қайырмасы:
Жаным-ау менің жағама таққан тұмарсың,
Жалғанда жалғыз жабығып жүрген шығарсың.
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың,
Өмірде бірақ өзіме ғана сынарсың.
Көркемім сені көрсем де жақсы өзгеден,
Қиналдым соны айта алмай саған сөзбенен.
Сен тұрған ауыл ел жұрттың неткен бақытты,
Жүретін көріп күніге сені көзбен.
Қайырмасы