№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нұрсұлтан Батырқұлов | |||
2. | Хамза Көксебек |
Бiз танысқан жақта
Сол бір күзгі бақта
Бал күндерді жаным
Мәңгі есіңде сақта
Сүйе алмаймын жанды Әйгерімнен басқа
Пәк махаббат құздың
Биігінде тұрдым
Жан жүрегім қалап
Әйгерімді сүйдім
Теңіздейін тұнық
Көздеріңде жүздім
Сағыныш болып қалды
Тағдыр бізді қоспады
Қайтейін бәрін түсін сен Әйгерім
Әйгеріммен күнде
Жүрсем деймін бірге
Хат жазып сырластық
Талай айлы түнде
Қосады екен тағдыр
Сенен басқа кімге?
Бақытты бол жаным
Кешір мұнын бәрін
Орындалмас менің
Арманым боп қалдың
Жүрегімде мәнгі өшпес орын алдың
Сағыныш болып қалды
Тағдыр бізді қоспады
Қайтейін бәрін түсін сен Әйгерім
Қанатым жоқ ұша алмай
Арамыз алыс шалғай
Өкінішпен өртендік біз Әйгерім