№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтынбек Қоразбаев | |||
2. | Жақсылық Сәтібаев |
О-о-о-о, дүние-ай!
Сағындым, Жексенқұлым, Қосшығұлым,
Өзекті жарып шыққан қос шыбыным.
Қырық жыл аңыраған сорлы анаңның,
Зарына құлағыңды тосшы бүгін.
Сендерге бәсіре деп өзі жоқта,
Қырық жыл ен сап жүрмін қозы, лаққа.
Дайын тұр құрт-майың да сеземін ғой,
Бір тойың болады деп осы жақта.
Сендерсіз мына қу үй қыстай екен,
Баласын жылан жұтқан құстай екен.
Қырық жыл арқалаған үмітімді,
Қалайша қанат қылып ұшпай өтем.
О-о-о-о, жалған-ай!
Жексенқұл, Қосшығұлым, шырақтарым,
Малыңды алсаңшы кеп санап бәрін.
Анаңды жынды атаған бұл ағайын,
Әкетер көзім жұмсам талап бәрін.
Қара шаш аппақ бүгін қырау болды-ау,
Дүние шектігі жоқ сұрау болды-ау.
Әр күнім тойға арнаған малың бағып,
Әр түнім ағыл-тегіл жылау болды-ау.
Қызылсай қырат-қырат белесі көп,
Белесте қос боздақтың елесі көп.
Білемін, өлім бар ғой, өле алмаймын,
Өйткені мал-мүлкіңнің егесі жоқ.
О-о-о-о, дүние-ау!
Көңілім мұнша неге қоңырлайды,
Торлап бір алғаны ма өмір-қайғы.
Атасу, Аспараға сағындырған,
Қос қозым неге келіп шомылмайды?
Мен қайда, сендер жүрген қиыр қайда,
Бұл өмір белгісі жоқ шиырлайды.
Егер де мәңгілікке көзім жұмсам,
Қос уыс топырағың да бұйырмай ма?
Күн қайда терлеп ішер қызыл шайды,
Тер емес, көздің жасы жүзім шайды.
Жексенқұл, Қосшығұлым кеп қалды ма,
Аралап қайтайыншы Қызылсайды...