MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Қара шал
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№10, 1 мамыр 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Абдрахман Асылбеков
2.Алтынбек Қоразбаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қаусаған қасіретті қара шалмын,
Бұл күнде қара шалмен санасар кім?
Жанымды жегідей жеп қарттар үйі,
Күн санап куат кеміп, аласардым.


Онша тар емес еді пәтерің де,
Осында тастап кеттің әкелдің де.
Сынаптай сыртын берсе туған балаң,
Тірідей өлгені ғой әкеңнің де.


Көп болды дидарынды көрмегелі,
Көп болды шешеңді де жерлегелі.
Балам деп көз жұмғанша жылап жатты,
Жаныма қатты батты келмегенің.


Жүрсің-ау қолың тимей, хабарың жоқ,
Жатырмын жаутаң қағып – амалым жоқ.
Айтып ең жас күнінде, есінде ме?
Әкемді өле-өлгенше бағамын, – деп.


Балам-ау, не істетпейді қу тіршілік,
Кей пенде дүние қуып, жүр құлшынып.
Артымда бар ма десем ұрпақ ізі,
Сөзімді қалғаным ба бір қу шыбық?


Әкең де осы жерде өлер енді,
Тәңірдің жазуына көнер енді.
Уа, жалған, сағындым ғой, тым болмаса,
Алып кеп бір иіскетші немеремді.


Қадырын түсінбедің қолда бардың,
Қауқайып қара басым жолда қалдым.
Тал-тарақ, үй-мүлкімді ақша қылып,
Астыңа әппақ шаңқай Волга алдың.


Несіне балам бар деп мақтанайын,
Өмірден өз жөніммен аттанайын.
Ұмытпа, келер болсаң, домбырамды,
Шерімді шемен болған ақтарайын.


Несіне өлемін деп өкінемін,
Қайғыдан қарс айырылды көкірегім.
Көз жұмсам,
елге апарып қоярсыңдар,
Соңғы рет сенен соны өтінемін.


Өзің деп өтіп еді бар қызығым,
Барады оттай-жанып тән қызуым.
Мүмкін, бұл – менің соңғы демім шығар,
Аман бол қайда жүрсең, жалғыз ұлым.

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика