№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Көгілдір көлден не пайда, жағасы жайсыз жар болса.
Су ащы балығы аз, жиегі таяз тар болса.
Көк аспаннан не пайда, көгінде күн күлмесе.
Қыздар жиған мақтадай, ақша бұлттар жүрмесе.
Биік таудан не пайда, шыңында ақ қар жатпаса.
Сылдарап аққан тау суын, сүйсініп балдай татпасаң.
Жайқалған баудан не пайда, жемісін жазда татпасаң.
Шаршап бір келіп жұмыстан, саясында жатпасаң.
Жарық күннен не пайда, үйіңде таңың атпаса.
Бұл өмірде қызық не, бұзығың шулап жатпаса.
Байлықтан жиған не пайда, артыңда ұрпақ қалмаса.
Түн ұйқыңды бөлгізген, сәбиден қолың талмаса.
Ер жігіттен не пайда, қолына қару алмаса.
Елін, жарын, туғанын, дұшпаннан сақтап қалмаса.
Аталы ұлдан не пайда, аталы сөзді ұқпаса.
Арақ ішіп мас болып, үлкенді үлгі тұтпаса.
Бір туғаннан не пайда, тірлігі оның болмаса.
Ыстыққа бірге жылынып, суыққа бірге тоңбаса.
Ағайыннан не пайда, көре алмай сені күндесе.
Пәнидің жалған не екенін, тірлікте ойлап білмесе.
Сансыз достан не пайда, жаныңды сенің сезбесе.
Шындықты бірге іздесіп, қиындыққа төзбесе.
Жастық шақтан не пайда, жалындап бір жанбаса.
Айлы түнде қыдырып, махаббатқа қанбаса.
Кәріліктен не пайда, қартайып қызық көрмесе.
Асырап баққан ұл, қызың, қарызыңды өтеп бермесе.
Сұлу қыздан не пайда, ресторан маңын торласа.
Доллар үшін әркіммен, ар, намысын қорласа.
Сұлу жардан не пайда, тірлікпен ісі болмаса,
Іздеп бір досың келгенде, иіліп төсек салмаса.
Көп білгеннен не пайда, пайдасыз іште сақтасаң.
Жастарды жиып қасыңа, білгеніңді айтпасаң.
Мен бақылдан не пайда, тыңдайтын жан болмаса.
Білімдіден шыққан сөз, жүрекке барып қонбаса.
Ойымды жинап келгенде, айтарым саған азамат.
Мұратыңа жетпесең, жамандыққа беттесең.
Ақыл айтқан адамға, өзім білем кет десең.
Бұл өмірден не пайда, халқыңа қызмет етпесең.
Бұл пәниден не пайда, бұл жалғаннан не пайда,
Халқыңа қызмет, халқыңа қызмет етпесең.