№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Асылым менің, аяулы айым,
Ләззат аламын қараған сайын.
Жүрегім менің сен үшін соғып,
Сен үшін ғана тоқтауға дайын.
Қайырмасы:
Бүкіл әлем құлпырады сен үшін,
Ән салады бұлбұлдары сен үшін,
Жүрегіме жыр тұнады сен үшін,
Сен үшін бәрі, сен үшін.
Сен үшін,
Қияларға самғадым мен сен үшін,
Өмірімді арнадым мен сен үшін,
Сен үшін жаным. сен үшін.
Сен үшін самал есіп жатқандай,
Сен үшін бұлттар көшіп жатқандай,
Жұлдыздар көкте сен үшін жанып,
Сен үшін ғана өшіп жатқандай.
Қайырмасы
Сен үшін тірлік таңы атқандай,
Гүл сезім бүршік жарып жатқандай.
Көңілде әнім мөлдір бұлақ боп,
Сен үшін ғана ағып жатқандай.
Қайырмасы