№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор | |||
2. | Мұқағали Мақатаев |
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Жүзің сенің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің жан баспаған жапандағы қара орман.
Қас кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма.
Әсем басың әп-әдемі мүсініңе шақ-қана,
Шиедеиін еріндерің қызарып тұр шоқтана.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал мекен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен.
Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусәр бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен асқан сірә біреу бар ма екен.