№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Тұнып тұрса төбемде күн
Демің бе деп елеңдедім
Қою түнгі қара көздің
Мұң шақтарын сен емдедің
Бәлкім сен деп ойлайсың ба
Тұнық сырға бойлайсың ба
Айдан жолдап сәлеміңді
Бір серпілтіп қоймайсың ба
Қайырмасы:
Тыныштық бер жүрегіме
Құлақ аспа тілегіме
Сезім шоқты тығып қойған
Жұмыр жердің жүрегіне
Күліп келем күлкіме емес
Тек әйтеуір сылқым елес
Сені ойдан арылтпақпын
Бірақ әттең, бірақ әттең мүмкін емес
Ару айдың қанатынан
Тұман мұңдар таратылған
Сәулем менің қайда жүрсің
Ақша бұлттан жаратылған
Самал желмен тербейсің бе
Ыстық күнмен емдейсің бе
Сені іздеумен тұншығамын
Желге мініп келмейсің бе
Қайырмасы