№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Жүрегімнің Тәңір берген теңісің,
Бір бақытқа бөленемін мен-ау шын,
Мен барымды аямайын сен үшін,
Қуанышым менің!
Дидарың бар айнымаған ақ таңнан,
Әрбір сөзің көңілімде жатталған,
Менің әппақ сағынышым сақталған,
Көздеріңде сенің!
Жаным менің кел, сағынышым келші,
Кел, кел сезіміме сенші,
Кел, кел, махаббаттың маған,
Жылы лебін берші.
Қайырмасы:
Деймін тау-тау таудан асып өтсем,
Тау-таудан асып саған жетсем,
Тау-тау тау самалы болып,
Бір өзіңді мен өтсем.
Өзіңменен күрсіне алмай, ұмыттым,
Дауысыңнан бір ғажайып сыр ұқтым,
Жанымды да шуағыңмен жылытқың,
Саған ұқсап күлем.
Махаббаттан біз бақытты табайық,
Ақ сезімге адалдықпен қарайық,
Армандарға қол ұстасып барайық,
Екеуіміз бірге!
Қайырмасы
Жаным менің кел, сағынышым келші,
Кел, кел сезіміме сенші,
Кел, кел, махаббаттың маған,
Жылы лебін берші,
Қайырмасы