№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Нөсерленген көктемде сені аңсадым,
Тамылжыған жазда да сен деп ән салдым,
Жүрегіңнің сен, есігін ашпадың-ау,
Аяулым, қалауым менің.
Күзгі бақтай сені аңсаумен селдіреймін,
Жоқ деген сөзіңе сенбеймін, жаным.
Сені ойлап күнде, сені ойлап түнде, зарықтым мүлде.
Қайырмасы:
Тыңдашы, жаным,
Сен деп салған әнім.
Махаббатымның жаршысы, сезім хатшысы.
Тыңдашы, жаным, сен деп салған әнім,
Сағынған көздің тамшысы,
Көлдің қалқышы айдынында.
Бір сауалдың жауабын таба алмадым,
Бір өзіңнен өзге жанды қаламадым.
Сыңарыңа сен мені баламадың,
Аяулы арманым менің.
Аязда қалған құстай боп қалтырайын,
Елестеусіз бір таң атырмай, жаным.
Ойлаймын қыс та, ойлаймын жаз да,
Көргенім аз ба.
Қайырмасы