№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Еламанов | |||
2. | Сабыр Адай |
Көзінің жасы моншақтап,
Аруана табар өрісін.
Айнымас мұра – атажұрт,
Азамат туған ер үшін.
Сергелдең болған күн өтті,
Сейілді тұман басыңнан.
Аралай келші алшаңдап,
Бауырым енді ел ішін.
Қайырмасы:
Тауларың қалды қырансыз,
Құмдарың қалды құлансыз.
Азамат сені күтеді,
Атажұртың шыдамсыз.
Төбеңді көрсет туысқа,
Мерейі өсіп, семірсін.
Мән бере көрме мәңгүртке,
Нәсілі жаман не білсін?!
Қара тал, шыбық-қараорман,
Қара шал болып құшақтап,
Мауқын бір басып егілсін.
Қайырмасы