MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Шабандоз қыз
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№10, 1 мамыр 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Бақытжан Еламанов
2.Жылғали Баекенов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Мен қазақтың делебесін қоздырған,

Дүбірлеткен аттар кетті аламан.

Шабандозы талдырмаштай қазақ қыз,

Торы төбел көз құрышыңды қандырған.

 

Қайырмасы:

Шабандозым қарындасым,

Болсын ерек жалын жасың.

Тортөбелім сәйгүлігім,

Үстем еткен ұлт мерейін.

Шабандозым! Сәйгүлігім-ай!

 

Арындаған торы төбелдің шабысы-ай,

Жүген тартып, тілін ару тапқандай.

Ойқас салған сәйгүлікпен аруды,

Көрген көзде, көрмегенде арман-ай.

 

Қайырмасы

 

Қамшы алмай суырылып алға озған,

Текті туған тортөбелім, шапқан паң.

Жанарларға ыстық жасты келтіріп,

Торы төбелден шұбатылған шаң қалған.

 

Қайырмасы

 

Алда мәре, шабысты ару үдеткен,

Торы төбел дара өтті көмбеден,

Ат жалында қазақ қызы, шабандоз,

Жат жерінде дəстүрімді ту еткен.

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика