MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ақкетік – бақ мекенім
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ақкетік – бақ мекенім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№11, 14 мамыр 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Ибрагим Алтыбаев
2.Роза Атақаева
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ақкетік – түбегімнің нұр арайы,

Көрінер келбетінен көңіл жайы.

Каспийдің толқындары еркелеп кеп,

Жаны жаз жағалауды ұрғылайды.

 

Қайырмасы:

Ақкетік – бақ мекенім,

Сауықшыл шат мекенім.

Аңсаумен ынтық болып,

Алыстан мен жетемін.

Бар сенде өмір жыры,

Таусылмас көңіл сыры.

Өшпесін жүректерден

От ана, өмір күні! 

 

Ақкетік, көпке мәлім, атың дүр-ау,

Қырымнан қырық батыр рухы жүр-ау.

Түбектің бар тарихын бастап берген

Асан мен Сыпыра абыз, Мұрын жырау. 

 

Қайырмасы

 

Маңғыстауүш жүз алпыс әулие қолдар,

Батасы ерге қабыл, елге – қорған.

Ер Бекет әруағымен асқақтатар

Жаратқан жер киесі, биік тұлғаң.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика