№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Аманжол Шамкенов | |||
2. | Құралай Сәтмұхамбетова |
Түн ұйқыңды төрт бөлсең де кезінде,
Шек бола ма, аналық бұл сезімге.
Бәрібір сол, келіп тұрар айналғың,
Өзің жаққан отың бар ғой көзімде.
Қайырмасы:
Ана, ана, ару, ана,
Ана, ана, асыл ана!
А-а-а-а-а,
Ару ана, асыл ана!
Қастерлейтін адамдықты қолда бар,
Жиі өзіңді сағынамын сонда да.
Өз елімнің кәдесіне жарасам,
Ақ сүтіңді ақтағаным сол болар.
Қайырмасы
Мәңгілік қымбаттым,
Асылым сен – ару ана,
Ару ана!
Тілегім сол – бір Тәңірім қолдасын,
Ән шырқалсын, бейбіт күнге жолдансын.
Жаңа ғасыр ұрпағыңның басына,
Бақ әкеліп, бақытты күн орнасын.
Қайырмасы