№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нұрсұлтан Әлімқұлов | |||
2. | Әсет Бейсеуов |
Қызыл гүлдер, сары гүлдер, көк гүлдер,
Қызғалдақтар, сарғалдақтар, көп гүлдер.
Қызықтырып жігіттер мен қыздарды,
Неге мұнша қырға қаптап кеттіңдер?
Қайырмасы:
Қызғалдақтар, сарғалдақтар,
Қызғалдақтар қыздар мақтар.
Гүл ұсынған қыз жігітке,
Махабат бар, қызғанбақ бар.
Бұл гүлдердің ашылмаған сыры бар,
Бұл гүлдердің айталмаған жыры бар.
Екі ғашық айталмаған сырларын,
Бір-біріне гүл ұсынса ұғынар.
Қайырмасы
Гүлдер, гүлдер, гүлдерде бар жыр аңыз,
Гүлдер сырын ғашықтардан сұраңыз.
Гүлге оранар жаңа туған нәресте,
Достар келсе гүлдер алып шығамыз.
Қайырмасы