№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Науырша | |||
2. | Марат Ордабаев |
Шын қуаныш, шын мұңды бөліспейміз,
Бұрынғыдай тым жиі көріспейміз.
Сыпайы болып тұрсақ та білінеді,
Біріміз күн, біріміз теріскейміз
Қайырмасы:
Қайда, қайда, қайда екен сол достығымыз.
Тағдыр солай талқыға тосты ма күз,
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ,
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз.
Жүр дейтұғын қайда кез, біздің үйге,
Үйме-жүйме жүруші ек сол бір кезде.
Оқиға емес ол қазір,түс секілді,
Қашан түстік білмейміз бұндай күйге.
Қайырмасы
Күмілжиміз бұған түк жауап таппай,
Дос қарайды қашанда жанарда оқтай.
Мүмкін ол да мен құсап дос іздейді,
Дос адамға япыр-ау неге тәтті-ай.
Қайырмасы