№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұқағали Мақатаев | |||
2. | Сали Басбаев |
Күрсініп, көкірегім, жылайды ішім,
Өсем бе, өшемін бе, құдай білсін.
Қанды дағын жүректің қалдырайын,
Қаласа, біреу-міреу сұрай жүрсін.
Қайырмасы:
Көрсін де жүрегімнің аққан қанын,
Ақ қағазға жол-жол боп жаққан дағын.
Байқап бір қарасын да іздегендер,
Жаудырып мақтауларын-даттауларын.
Еркелеп, мен өмірді кешіп жүрем,
Шаттығым, мұңым бар да, несін бүгем.
Кей кезде сүріндім де, түңілдім де,
Алайда, жоғалтпадым, есімді мен.
Жақпадым жауыздықпен аққа қара,
Жатсынып жапқаным жоқ жатқа нала.
Жырымды тірілтем деп әурелендім,
Мастанбай, ақын деген атқа ғана.
Қайырмасы