| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Данияр Аралбаев | |||
| 2. | Нұфтолла Шакенов | |||
Жүзіңе сағынған, шөліркеп қараймын
Тәңірімдей табынған, ақ сәуле арайлым
Қадалып мұнартып, қараймын ұрлана
Бар әлем мұнартып, өзің деп тұрғандай
Қайырмасы:
Өзіңді армандап, өзгені білмедім,
Ботадай жаутаңдап, дәурен ғой жүргенім
Жалт етті түн болып, жалт етті жанарың
Кеудеме нұр толып, отыңа жанамын
Тұңғиық көзіңді, бақытқа баладым
Балауса өзіңді, өзіңді қаладым
Қайырмасы