№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Роза Атақаева | |||
2. | Сали Басбаев |
Маңғыстауым! Аңыз өлкем, киелім,
Атамекен, алдыңда бас иемін.
Ала шаңды қырларыңда шапқылап,
Жасыл нарпоз кең даламды сүйемін.
Арай таңда жанға жайлы самалың,
Жас жаныма шуақ болып тарады.
Каспий толқын арман күйге толтырып,
Шағала саз жүрегіме қонады.
Аңыз болып өрілген
Сәйгүліктер мекені.
Қарақиям, тек сенде
Ерлікке толы ертеңім.
Бабалардан үзілмей,
Сақталған салтым мақтаным.
Сенек, Сұмсаның құмындай
Ыстық-ау, шіркін, бақ таңым.
Шопан ата, Бекет рухы дем берген,
Берік қуат асқақтыққа жол берген.
Сойы бөлек, сынағы көп сан жылдар,
Оразмағанбет, Ер Құрмашпен, Теңгемен.
Шанағынан күй сорғалап, бал тамған,
Тіл таңбалы бабалардан сөз қалған.
Өскінбай, Шамғұл, Сәттіғұлмен жетіпті
Елдің мұңы, ғасыр үні, зарлы арман.
Жетібайым мақтаным,
Мұнайдан ырзық тапқан күн.
Алпыс бірдің шілдесі,
Тарихта қалып жатталды.
Халел, Салық, Қадір, Базарбай-
Ер еңбегімен мақталды.
Бар ұлттан көрген дос ниет
Бекем бірлік боп сақталды.
Ұлтыма ортақ байлыққа толы қазаны
Барша әлемнің бұрып отыр назарын.
Кендірлімде жанға сая мекенде,
Каспийімнің бөлектенді ажары.
Қарақия арманға қанат берген жер,
Мырза Назар халқына байлық берген жер.
Жеті қайқы, бес жүйрік те сайрандап,
Ізбасар, Күріш, Айтман таңдайы саулап,
Ұлықпан, Әзірбай, Айгүл, Жоламан өнген жер.
Сын сағатта сөгілмейді іргеміз,
Батыс қақпа - Құрықта Каспий тұр теңіз.
Ұлтым, Тілім, Ділім барда күш берік,
Қазақ елмен қай күнде де біргеміз!