№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Әбен Дәуренбеков | |||
2. | Әсет Бейсеуов |
Жүрегімде көктетіп майдың гүлін,
Құшағымды көктемге жайдым бүгін.
Жазғы бақты аралап ән шырқаймын,
Жалғыз өзім жамылып айдың жүзін.
Қайырмасы:
Аяулы ақ қанат ақ арманым,
Бір бақыт силап ем маған жаным.
Махаббат іздерін, көктемнен іздедім,
Көктемнен іздедім таба алмадым.
Алыстарға бір арман шақырады,
Көңіл көлін көк дауыл сапырады.
Махаббаттың желпісе майда лебі,
Жайқалады жанымның жапырағы.
Қайырмасы
Бөктерлерден күнімен гүл жұлып ем,
Балқып тұрмын, балбырап түн жырымен.
Бұлбұл құстар әніңді қайталайды,
Қайталанбас сен менің бұлбұлым ең.
Қайырмасы