| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Сали Басбаев | |||
| 2. | Қалыбай Аталықов | |||
Есіме түсті жиі тым,
Балалық бал шақ, Маралым.
Өзіммен-өзім тілдестім,
Отына сырттан күйіп мың.
Мөлдіреп отты жанарың,
Қимай да қимай қарадың.
Сырыңды жүрдім ұға алмай,
Соңынан ұқтым Маралым.
Қайырмасы:
Көршінің қызы,
Көршінің қызы,
Көршінің қызы – Маралым.
Көршінің қызы,
Көршінің қызы,
Көршінің қызы – Маралым.
Жанармен ойлы мұңдана,
Жүректен тарттың сыр ғана.
Қалыпты сол бір дәптерде,
Аяулы арман жыр ғана.
Маралым, менің Маралым,
Алыстап кеттің қарағым.
Сәлемім саған жетер ме,
Сағыныш әнін арнадым.
Қайырмасы