MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ауылға келсем
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№11, 14 мамыр 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айгүл Жұмаділ
2.Анарбек Қозбақов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ауылға келсем, әкемнің иісі қарсы алып,

Тұрады мүңкіп жаныма беріп жан сауық.

Жусаны, қияқ, аршасы, құрақ көк майса

Жұпарын тағы жұтамын талмап, тамсанып.

 

Қайырмасы:

Ауылға келсем, қаламын жайнап, жайраңдап,

Жұмағым осы, қайтемін құрысын айды аңсап.

Бұлбұлдай ұшқан бір-бір ән салып бағымда,

Бала күндерім қайырылмай кеткен қайран шақ.

 

Ауылға келсем, арманға қолым жеткендей,

Жұлқынған жастық бұлқынып көзден өткендей.

Қол бұлғап қайта шақырғым келіп тұрады,

Жүгіріп шығып жауқазын терген көк белге.

 

Қайырмасы

 

Ауылға келсем, елжіреп еті жүректің,

Балқытып бойды баурайды жайлап бір екпін.

Дертіне дем сап, жүрегін емдеп, бой жазып,

Марқайып қайтсын жүрген де болса жүдеп кім.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика