MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Қызыма тілек
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№11, 14 мамыр 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Сали Басбаев
2.Темір Мыңжас
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Қолымдағы қырмызы қызғалдағым,

Алдамасын мәңгілік ізгі арманың.

Апаңменен екеуің қос жүрегім,

Тигізбедім өмірдің ызғарларын. 

Аспаныңды сұқсыр бұлт кезбесін кеп,

Қиындығын тірліктің сезбесін деп.

Ақ жанымның алауын жақтым талай,

Бақ – талабы нұр шашсын, өрлесін деп.

 

Қайырмасы:

Дақ түсірме атына ауылыңның қарағым,

Сыйлысы бол қосылған қауымыңның қарағым.

Қолтығыңнан демесін ата-бабаң әруағы,

Ақ тілеуі халқымның қабыл болсын қарағым.

 

Неткен қысқа қыз – ғұмыр көктемедей?!

Пәле – жала ешқашан беттемегей.

Айдынына өмірдің ізіңді сал

Алға тартқан желкенді ақ кемедей. 

Осы болды өзіңді ұшырғаным,

Әр нәрсенің байыбын түсін, жаным.

Өмір жолы тақтайдай түзу емес,

Шарболаттай қарсы алғын ұсынғанын.

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика