№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Шалықтағанда Жайықтай кеуде
Тербелеуші едік қайықтай гүлде
Бәріне өзің кінәлісің деп
Жаным-ау мені айыптай берме
Бұл тағдыр бізді жолды ұрлағанда
Тек жүрегіңде орның қалған ба
Күй кешіп тұрам күйіп кетердей
Сол сәттер бізге қол бұлғағандай
Қайырмасы:
Сен едің менің көрікті Ләйлім
Қуанышымды жеңіпті қайғым
Мәжнүннің сүйген махаббатындай
Жарқыным мен де сені ұмытпаймын
Жазылмай жүрек жарасыз жырдан
Жастағым өтіп барасың жылдам
Қоштасып тұрып өзіңді көрген
Көзінің мөлдір қарашығынан
Айрылдым қанша мүмкіндіктерден
Шығасың мұның мүмкіндік ба екен?
Қайтадан енді аша алмаймыз-ау
Өткен күндердің кұлпын діттеген.
Қайырмасы