№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Дінмұхамет Ұябай | |||
2. | Секербек Жабықбаев |
Ардағым ауыл, жеттім-ау саған асығып,
Аптығым асып, сағыныш қалма басылып.
Әкем кеп атын байлаған мына кәрі ағаш,
Құшақтап сені, бұтағыңда тұрмын асығып.
Құлаған қора, қалқайған үйім – ойнағым,
Көрдің бе уақыт құштар ғып саған қойғанын.
Тауықтар жүрген, тазылар жатқан аулаға,
Қызыға қарап, қанбадым, саған тоймадым.
Балауса көктем, балғын бір жазым, күздерім.
Алшақта жүріп өзіңнен күдер үзбедім.
Сағынып келдім, шағынып келдім өзіңе,
Жұртыңда сенің қалды ма деп менің іздерім.
Жатыр ғой ізім, көрдім бір тауып сілемін,
Қиыршық құмдар, тастапты жайып кілемін.
Айнала ағаш, сонау бір кәрі топ шеңгел,
Көңілді тербеп, зердеме жайды-ау гүл егін.