MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Замана
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№12, 8 маусым 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Анарбек Қозбақов
2.Исраил Сапарбай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Тіршілік қалғып тұрмайды,

Ай менен күнді ұрлайды.

Асып та тасып аққан су

Арнасы кеміп,  құрғайды.

 

Қайың да тоғай ырғайлы,

Қамыстың басы сырнайлы.

Сардала кезген аруана

Сағымға мойнын бұрмайды.

 

Құлқыны кеңге құл қайғы,

Құбақан құлға пұл қайғы.

Жақсылық жапа шеккенмен

Жамандық көзін жұмбайды.

 

Біреуге өмір ыңғайлы,

Біреуді елең қылмайды.

Бұлың да бұлың бұл жалған

Біздерге несін бұлдайды?

 

Өмірге келу бір қайғы,

Өмір деп өлу бір қайғы.

Зымыранға мінген замана

Зымыстан жаққа зырлайды...

 

Жайлады жанды мұң,  қайғы,

Көрпесін түзге түн жайды...

Құлағы бітеу қу дүние

Кімдердің зарын тыңдайды?

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика