№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жарқын Өтешова | |||
2. | Сали Басбаев |
Теңіз асып, тау асып,
Өзге елде жүрмін мен.
Өзіңе деген сағыныш,
Өзегімді күйдірген.
Қайырмасы:
Қар жауып тұр көшеде,
Өзің де наурыз, көктем бе?
Маған таныс жотаңда,
Бәйшешек гүлін төккен бе?
Наурыз көже ішуге,
Өзіңе барып қайтсам ба?
Сағынышты жанышқан,
Тербетіп бір айтсам ба?
Қайырмасы
Жапалақтап әппақ қар,
Аспанды тұр тұмшалап.
Өзіңе деген махаббат,
Кеудені жатыр шымшылап.
Қайырмасы