MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Сағыныш сен бе
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№12, 8 маусым 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Дінмұхамет Ұябай
2.Әуелай Оспанова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сағыныш сен бе,

Көктеммен бірге оралған,

Тамшысы жырдың үзілген моншақ жанардан.

Сағынбай өткен күндерден күдер үздім бе,

Күзгі бақ сынды жапырағы желмен тоналған.

 

Қайырмасы:

Сағыныш сен бе,

Тереземді кеп кім қақты?

Сағынта білген сәттердің өзі қымбатты.

Сағыну барда, жабығу барда – өмір бар,

Самала таңда бозторғай болып үн қатшы.

 

Сағыныш сен бе,

Сыртымнан күліп, сынаған,

Сағынбай өмір сүре алар ма екен мына адам?

Өмірдің өткен әр сәтін жүрем сағынып,

Сағына жүріп көрісу деген бір арман.

 

Қайырмасы

 

Сағыныш сен бе,

Жаныма келіп жайғасқан,

Қолыма келіп қонғандай ма еді айлы аспан?

Күйімді менің сұрама бүгін, сұрама,

Жазылып жатыр жүректе бүгін бір дастан.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика