| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Кентау Назарбек | |||
| 2. | Светқали Нұржан | |||
Таразы, Үркер, Сүмбіле... – мың бір есім,
Күллі көшің тылсымға бір кіресің.
Ай астында қалады жалғыз Елес,
Күзде тумақ күтумен Сүмбілесін.
Қайырмасы:
Сенде әні бар, Сүмбіле, таңғы ыраның,
Ырғағымен жаңғырам, жан құмарым.
Назы нұрдан, әлдилі сазы – гүл-ман,
Жүрегімнің билетті бал құрағын!...
Әнiн салдым Сүмбiле, таңғы ыраның!
Көктем тойы қыздырмас...
Тәрікке тең,
Мизам-жіпке жалғанған ғәріп пе екем?
Ең соңғы рет Сүмбіле жалт еткенде,
Жанып кетем жарқ етіп!
Ағып кетем!..
Қайырмасы