№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Дінмұхамет Ұябай | |||
2. | Хасен Зәкәрия |
Мұнарлы тауың, мәуелі бауың
Малынған нұрлы арайға.
Шипалы суың, құйқалы нуың
Қиялдай болған талайға.
Қайырмасы:
Күршімім – мөлдір кәусарым,
Суыңды балдай аңсадым.
Сағындым жұпар иісін,
Қарағай, қайың, аршаның.
Тел өскен қыздай Марқаның көлі
Арманы болған баршаның.
Шөліркеп жетсем, Ертістен өтсем,
Самалың сүйген самайдан.
Ырысы – елдің, тынысы – жердің,
Зайсаным – шалқар шарайнам.
Қайырмасы
Асылым, тектім, асығып жеттім,
Кеудені кернеп жыр-әнім.
Бұлқынып аққан, күркірі – мақтан,
Қара Ертіс, Қаба, Қалжырым!
Қайырмасы