№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Қайырмасы:
Әңгімесі ауылдың,
Жеңешемнің мінезі.
Ағайынның, бауырдың –
Сәні бір өзі.
Елдің сүйгені, біздің үйдегі,
Менің асыл жеңешем есім білгелі.
Келгеннен мені еркем дегені,
Асау тентектігімді көркем дегені.
Қайырмасы
Ешқашан егес бастаған емес,
Орамалын басынан тастаған емес.
Туғандарыма, қонған бағыма,
Орамалы сияқты әппақ ары да.
Қайырмасы
Көзінде күлім, сөзінде шырын,
Жоғалтпаған қыз күнгі сүйкімділігін.
Көктем тәрізді, неткен жан ізгі,
Отырады елітіп ата-анамызды.
Қайырмасы
Асыл жеңешем, уайым жеме сен,
Үйленсей деп қинайсың мені неге сен?
Жасың батыр ғой қорықпаймын ғой,
Дәл өзіңдей перизат жолықпай жүр ғой.
Қайырмасы